Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған топ сотталды

Фото: azh.kz

Ақтөбе қаласында «bingo37.pro» атты мобильді қосымша арқылы заңсыз ойын бизнесін жүргізген ұйымдасқан топ мүшелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Тілші».

Тергеу мәліметінше, топ ойыншылардан ақша қабылдап, жүйеге тіркеп отырған. Әр ойыншыға логин, пароль және ойынға кіру сілтемесі берілген. Заңсыз онлайн-казино күн сайын 150–200 мың теңгеге дейін табыс тауып отырған.

Қылмыстық жолмен келген ақшаны жасырмақ болғандар «дропперлерді» пайдаланған, яғни өзгенің банктік карталары арқылы ақшаны қолма-қол шешіп отырған.

Белгілі болғандай, ұйымдастырушылардың бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс үшін жазаланғанына қарамастан, қызметін жалғастырып келген.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде есірткіге тәуелді 200-ден астам адамның жындыханада қате есепте тұрғаны анықталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *