Aqtobe Day Әлеумет

Шалқар ауданында мектеп оқушылары пышақтасты

Фото: life.ru

Шалқар қаласында кәмелетке толмаған жасөспірім пышақ жарақатын алды. Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды «Тілші». 

Жарақат алған жас Шалқар аудандық ауруханасына жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Полиция күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жасөспірім профилактикалық есепке қойылып, оның ісі аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Сонымен қатар, полиция күдіктінің ата-анасына қатысты да шара қолданылатынын мәлімдеді. Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қарғалы ауданында тұрғын интернет-алаяқтардың құрбаны болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *