Aqtobe Day Медиа

Ақтөбелік журналист Айгүл Нұркеева Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

Ақтөбе облысында өңірлік Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке белгілі ақтөбелік журналист Айгүл Маратқызы Нұркеева бекітілді.

Жаңа уәкілдің басты міндеті – өңірдегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, осы бағытқа қатысты өтініштер мен шағымдарды қарау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың жұмысына қоғамдық бақылау жүргізу.

Сонымен қатар, Айгүл Нұркеева балаларды қорғау саласындағы мәселелер бойынша заңнамалық бастамаларды әзірлеу және оны ілгерілету жұмыстарына қатысатын болады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланысу үшін:
📞 +7 (775) 438-25-07
🌐 Instagram: @aigul_nurkeyeva

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Мұғалжар ауданындағы Жарық ауылына газ берілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *