Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде әкесінің көлігін аударып алған жасөспірім қаза тапты

Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе қаласының Бауырластар тұрғын алабында 13 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз алып кетіп, елді мекен аумағында қозғалыс кезінде рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп аударылған, деп хабарлайды КазТаг агенттігінің тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Анықталғандай, 2025 жылдың 27 қазанында Ақтөбе қаласының Бауырластар тұрғын массивінде 13 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз алып кетіп, ауылды аралап келе жатып, рульге ие бола алмай қалып, көлікті шұңқырға аударып алған», — деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Полиция ата-аналарды кәмелетке толмаған балалардың көлік құралын басқаруына жол бермеуге шақырады. Мұндай немқұрайлылық қайғылы салдарға әкеледі. Балалардың қауіпсіздігі – ата-аналардың тікелей жауапкершілігі екенін еске саламыз!» — деп қорытындылады полиция.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  "Ақтөбе" 2024 жылғы Футболдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *