Ақтөбе облысында 12 адамның қаза болуына себеп болған жол-көлік оқиғасынан кейін өңірде бақылау күшейтілді. Тексерулер нәтижесінде жүргізуші куәлігінен айырылған ер азаматтың жолаушы тасымалдаумен айналысып келгені анықталды.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер Ақтөбе – Астрахань автожолында жолаушылар мінген шағын автобусты тоқтатқан.
Тексеру барысында көлік жүргізушісінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, ол Шұбарқұдық – Ақтөбе бағыты бойынша жолаушы тасымалдауды жалғастырып келген. Шағын автобустың ішінде 16 жолаушы отырған.
Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды.
