Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде дрон арқылы ереже бұзған 60 жүргізуші анықталды

Фото: Freepik.com

Ақтөбеде полицейлер жол қозғалысын әуеден дрон арқылы бақылай бастады, деп хабарлайды «Тілші» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл шара «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізіліп жатыр. Оның басты мақсаты — жол апаттарының алдын алу және жүргізушілердің тәртібін қадағалау.

Полиция мәліметінше, ұшқышсыз аппараттар қала сыртындағы ең қауіпті және көлік қозғалысы көп учаскелерде қолданылады. Дрондар жол үстіндегі жағдайды жоғарыдан түсіріп, ереже бұзған жүргізушілерді нақты анықтауға мүмкіндік береді. Үш күн ішінде облыс аумағында әуеден бақылау арқылы қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан 60 жүргізуші анықталды.

«Бүгінде Ақтөбеде полиция дрондармен жабдықталған. Бұл құрылғылар, әсіресе қала сыртындағы трассаларды патрульдеуде өз тиімділігін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта қарсы бағытқа шығып, қауіпті маневрлер жасауға жол берген жүргізушілер жауапқа тартылып жатыр. Сонымен қатар, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау барлық қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін еске салудамыз», — деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Өтеген.

Оның айтуынша, дрондар трассаларды патрульдеуде өте тиімді құрал екенін көрсетіп отыр. Қарсы бағытқа шығу немесе қауіпті маневр жасау фактілері бойынша жүргізушілер жүргізуші куәлігінен алты айға айырылады.

Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол ережесін сақтау – адам өмірінің кепілі екенін еске салды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 1641 жол-көлік оқиғасы тіркелген, олардың 80 пайызы жүргізушілердің қарсы жолаққа шығуынан болған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Әскерге шақыру туралы телефонға келген SMS енді ресми хабарлама болып есептеледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *