Isker Tilshi

Темірлік тұрғын «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы көлік жөндеу орталығын ашты

Ақтөбе облысының Темір ауданында ауыл тұрғыны Жұмабек Сапарғали өз кәсібін дөңгелетіп, туған жерінің дамуына үлес қосып жатыр. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5% жеңілдетілген несие алып, «СТО Алдияр» техникалық қызмет көрсету орталығын ашты, деп хабарлайды Isker Tilshi.

Несиенің көлемі: 8,72 миллион теңге
Жоба: автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы

Жаңа орталық Шұбарқұдық ауылында орналасқан және мұнда тұрғындарға көлік жөндеудің кең ауқымды қызметтері көрсетіледі.

Қызмет түрлері:
• тежегіш жүйесін тексеру;
• дөңгелек ауыстыру және балансировка жасау;
• көлік диагностикасы;
• қозғалтқыш пен электр жүйесін жөндеу;
• толық техникалық қарап шығу.

«Бұл жоба ауыл жастарына жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, көлік иелеріне сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Осы бағдарламаның арқасында жұмыс істеймін деген азаматқа көптеген іс атқаруға болады», — дейді кәсіпкер Жұмабек Сапарғали.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсетіп, өңірлік экономиканы нығайтуға бағытталған мемлекеттік бастама.

Темір ауданының әкімдігі мен ауыл шаруашылығы кооперативтері бұл бағытта тұрғындарға жан-жақты кеңес беріп, бизнес-жобаларды сүйемелдеуді жалғастыруда.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  QAZAQ AIR Астана мен Ақтөбе арасындағы рейстерін көбейтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *