Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде 17 жастағы жасөспірім жол апатынан қаза тапты

Фото: Диапазон

Бүгін, 3 қараша күні, Ақтөбеде қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Братьев Жұбановтар көшесінде, 8-шағын аудан маңында болған, деп хабарлайды «Тілші» Диапазонға сілтеп.

Полицияның алдын ала мәліметінше, BMW маркалы көліктің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қатты соққының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жай анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және барша тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланып өтуге және жылдамдықты шамадан тыс асырмауға шақырды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  "Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін жол жарамсыз болып қалған": антикор Ақтөбеде тағы қандай заңбұзушылық анықтады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *