Home Экономика Қазақстанда ипотекалық және тұтынушылық несие мөлшерлемелері қайта қаралады
Экономика

Қазақстанда ипотекалық және тұтынушылық несие мөлшерлемелері қайта қаралады

Фото: pixabay

Қазақстанда ипотека мен тұтынушылық несиелер бойынша жаңа есептеу әдістемесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа әдістеме 2026 жылдың шілдесіне дейін дайын болады және несие мөлшерлемелері Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне байланыстырылып есептеледі.

«Біз 2024 жылы қабылданған заң аясында тұтынушылық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлемені 56 пайыздан 46 пайызға, ипотека бойынша — 30 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеттік. Қазір тұтынушылық несиелердің орташа мөлшерлемесі шамамен 35–36 пайызды құрайды. Бәсекелестіктің артуы есебінен бұл көрсеткіш төмендеуі тиіс», — деді Әбілқасымова.

2025 жылы ипотекалық мөлшерлемелер 20 пайызға дейін төмендеген еді. Алайда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға көтергеннен кейін, банктердің көбі ипотеканы уақытша тоқтатты немесе шарттарын қайта қарады.

Агенттік төрағасы атап өткендей, ипотекалық мөлшерлемені төмендету туралы норма 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды. Осы уақыт ішінде жаңа әдістеме дайындалып, несие нарығында теңгерімді шешім қабылданбақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version