Саясат

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға сапармен келуді жоспарлап отыр

Фото: state.gov

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2026 жылы Қазақстанға ресми сапармен келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Тілші» Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Вашингтонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлеріне арналған қабылдау кезінде сөйлеген Рубио бұл сапардың аймақ елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатынын атап өтті.

«Біздің арнайы өкіл Серджио Гор мен мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстанда маңызды миссия атқарды. Олар онда көп уақыт өткізіп, аймақтың басқа елдеріне де баруды жоспарлап отыр. Мен де келесі жылы барлық бес елге сапар шегемін. Бұл кем дегенде бір апта уақыт алады. Біз осы жоспарды жүзеге асыруға ниеттіміз», — деді Марко Рубио.

Ол Дональд Трамп әкімшілігінің сыртқы саясаты АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне негізделетінін, ал бұл мүдделер Орталық Азия елдерінің даму бағыттарымен сәйкес келетінін айтты.

«Біздің ұлттық мүдделеріміз ұқсас. Бүгінгі кездесулер мен алдағы келіссөздер серіктестігімізді одан әрі нығайтады. Бұл — АҚШ пен Орталық Азия арасындағы қатынастардың жаңа дәуірінің бастауы», — деді Рубио.

Бұған дейін АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор Қазақстанға жасаған сапарын «өте табысты» деп атап, елдің инновациялар мен бизнес саласындағы жетістіктеріне жоғары баға берген болатын.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға ресми сапармен барған. Мемлекет басшысы Дональд Трамппен келіссөздер өткізіп, «C5+1» форматындағы (Орталық Азия – АҚШ) саммитке қатысқан.

C5+1 форматы — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ арасындағы ынтымақтастық алаңы. 2015 жылы құрылған бұл платформа экономика, қауіпсіздік, экология және аймақтық даму бағыттарында өзара әрекеттесуді көздейді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  БҰҰ комиссиясы: Израиль Газа секторында геноцид жасады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *