Home Aqtobe Day Ақтөбелік мұғалім танысының баласын “жеңілдікпен оқуға орналастырамын” деп алдап, ай сайын ақша алып отырған
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбелік мұғалім танысының баласын “жеңілдікпен оқуға орналастырамын” деп алдап, ай сайын ақша алып отырған

Фото: akt.sud.kz

Ақтөбе қаласының №2 соты жеке мектептің мұғалімін алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың тамызында әйел өз танысына баласын “жеңілдікпен” жеке мектепке орналастырып беруге көмектесетінін айтып, ай сайын 60 мың теңге төлеуді ұсынған. Анасы келіскеннен кейін мұғалім оқу туралы келісімшартты баланың қолымен беріп, қол қойылған құжатты мектепке тапсырмай, өзінде қалдырған.

Сөйтіп, баланы ресми тіркеместен, 2025 жылдың наурызына дейін ай сайын ата-анасынан ақша алып отырған.
Осы уақыт аралығында мұғалім жалпы 420 мың теңге жинап, қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

Сот барысында ол өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушімен татуласқан.
Дәлелдер қатарында жәбірленушінің және куәгерлердің айғақтары, банк үзінділері мен басқа да материалдар бар.

Нәтижесінде, сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-бөлігі (“Алаяқтық”) бойынша кінәлі деп танып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version