Home Company TikTok қауымдастығының қауіпсіздігі: 2025 жылдың екінші тоқсанында платформа Қазақстанда 1,4 миллионнан астам бейнероликті жойды
Company

TikTok қауымдастығының қауіпсіздігі: 2025 жылдың екінші тоқсанында платформа Қазақстанда 1,4 миллионнан астам бейнероликті жойды

Қысқа бейнероликтердің жетекші платформасы TikTok Қазақстандағы жергілікті қауымдастық қауіпсіздігін басты басымдықтарының бірі ретінде айқындап, шығармашылық үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында TikTok ең заманауи технологияларды және әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек ететін ондаған мың кәсіби мамандардың тәжірибесін пайдаланады.

Платформаның тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін модерациясы Қауымдастық ережелерін бұзатын мазмұнды жояды және ашықтықты сақтау аясында TikTok өзінің тоқсандық есептерінде жойылған контент көлемін көрсетіп отырады. Қауымдастық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету туралы есебіне сәйкес  2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда:

  • 1,4 миллионнан астам бейнеролик Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылды;
  • Жойылған роликтердің 99,1%-ы проактивті түрде, яғни пайдаланушылар шағымданбай тұрып жойылған;
  • 96,7% контент жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылған — бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары.

Өткен жылы Қазақстан аумағында 6,5 миллионнан астам бейнеролик жойылған.

Әлем бойынша 2025 жылдың екінші тоқсанында Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін:

  • 190 миллионға жуық бейнеролик жойылған;
  • 99,1% контент проактивті түрде жойылды;
  • 94,4% ролик жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды;

TikTok сондай-ақ биылғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда бүкіл әлем бойынша LIVE тікелей эфирлерін уақытша тоқтату санының айтарлықтай артқанын атап өтті. Бұл платформаның модерация технологияларының жетілдірілуімен тікелей байланысты. Сонымен қатар, шағымданудан кейін қалпына келтірілген трансляциялар санының аз ғана өсуі қабылданған жаңа шаралардың тиімділігі мен дәлдігін көрсетеді.

TikTok сондай-ақ тікелей эфирлердің қауіпсіздігіне қатысты деректердің ашықтығын арттыра бастады. Бұл қадам өткен жылы енгізілген және монетизация стандарттарын бұзатын контенттің табыс табуына жол бермеуге бағытталған Монетизация ережелерін сақтау жөніндегі платформаның өз шараларын да қамтиды.

2025 жылдың екінші тоқсанында TikTok платформасы монетизация ережелерін бұзғаны үшін бүкіл әлем бойынша 2 321 813 тікелей эфир мен 1 040 356 эфир иесіне қатысты ескерту және демонетизация сияқты шараларды қолданды. Ескертулер авторларға олардың контенті белгіленген ережелерге қайшы келуі мүмкін екенін түсінуге және оны түзетуге мүмкіндік береді. Егер бұзушылықтар жалғаса берсе, TikTok автордың тікелей эфирдегі монетизация функциясына уақытша шектеу қоя алады. Ашықтықты арттыру мақсатында TikTok бұл деректерді алдағы тікелей эфирлердің қауіпсіздігі жөніндегі есептерге енгізуді жоспарлап отыр.

TikTok туралы

TikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version