Ақтөбеде 10-нан астам тұрғынның сеніміне кіріп, ірі көлемде ақша жымқырған алаяқ қолға түсті. Бұл туралы Tilshinews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу деректеріне қарағанда, көрші облыстың тұрғыны соңғы бір жыл ішінде «пәтерлерге жөндеу жүргіземін» деген желеумен азаматтардан алдын ала төлем алып отырған. Алайда ақшаны алғаннан кейін тапсырысты орындамай, жәбірленушілермен байланысты үзген.
Зардап шеккендердің саны — 10-нан астам, ал келтірілген жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Құқық қорғаушылар тұрғындарға кез келген қызмет түріне тапсырыс берер алдында келісімшартты мұқият оқып, компания мен орындаушының сенімділігін тексеруге кеңес береді.
