Ақтөбе–Хромтау тасжолының бойында жаңа көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Тілші».
Ақтөбе облысындағы ең проблемалы бағыттардың бірі саналатын Ақтөбе–Хромтау тасжолының үштен бір бөлігі пайдалануға берілді.
Екі қаланың арасын жалғайтын 90 шақырымдық жолдың шамамен 30 шақырымы жаңадан төселіп, көлік қозғалысы үшін ашылды.
Жаңа трассаның Жазық станциясы маңында заманауи көпір салынды. Бұрын бұл жерде автокөліктер теміржол өткелінен (переезд) өтетін болса, енді жүргізушілер кең әрі қауіпсіз көпірдің үстімен еш кедергісіз қатынай алады.
Салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының және ауданның басшылығы, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері мен мердігер ұйымдар қатысты.
