Home Әлем Бангладештің экс-премьері өлім жазасына кесілді
Әлем

Бангладештің экс-премьері өлім жазасына кесілді

Фото: Mohammad Ponir Hossain / Reuters

Бангладештегі сот елді 15 жыл басқарып, кейін Үндістанға қашып кеткен бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны өлім жазасына кесті, деп хабарлайды «Азаттық».

Ол 2024 жылы тамызда елде болған жастардың көтерілісі үшін айыпталды. Былтырғы наразылық кезінде кемі 1400 адам полиция мен жасақтың қолынан қаза тапқан еді.

Хасина «адамзатқа қарсы қылмыс жасады» деп сотталып жатыр. Ол көтерілістен соң Үндістанға қашып кеткен еді. Үндістан Хасинаны Бангладешке бермей отыр. Ал экс-премьер сотты «фарс» деп атап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

«Мен адамдарды атуға бұйрық бермедім» деді Хасина ВВС сайтына жіберген хатында.

Былтыр жазда Бангладештегі студенттер ел тәуелсіздігі үшін соғысқан ардагерлердің туыстарына жұмыс квоталарын алып тастауды талап етіп наразылыққа шыққан, оның арты үкіметке қарсы наразылыққа ұласқан еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version