Home Aqtobe Day iPhone 15 Pro Max-ті арзанға алмақ болған ақтөбелік сан соғып қалды
Aqtobe Day Әлеумет

iPhone 15 Pro Max-ті арзанға алмақ болған ақтөбелік сан соғып қалды

Фото: freepik.com

Ақтөбеде интернет арқылы тауар сатып алмақ болған бірнеше тұрғын онлайн-алаяқтардың құрбанына айналды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны арзандатылған бағаға iPhone 15 Pro Max телефонын сатып алмақ болып, алаяқтың есепшотына 400 мың теңгеден астам қаржы аударған. Төлем жасалғаннан кейін «сатушы» байланысқа шықпай қойған.

Сондай-ақ тағы бір ер адам Instagram әлеуметтік желісі арқылы костюм сатып аламын деп 263 мың теңгесінен айырылды. Ақша түскен соң «сатушы» оны бірден бұғаттап тастаған.

Ұқсас жағдай 46 жастағы қала тұрғынының басында қайталанды. Ол балаларға арналған заттарды интернеттен сатып алмақ болып, белгісіз адамға 150 мың теңгеден астам қаржы аударғанымен, тауар жеткізілмеген.

Полиция азаматтарды интернеттен сауда жасағанда қырағылық танытуға және, әсіресе, бағасы күмәнді түрде тым төмен ұсынылған тауарларға сақ болуға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version