Home Company TikTok цифрлық әл-ауқатқа арналған жаңа кеңістігін іске қосады
Company

TikTok цифрлық әл-ауқатқа арналған жаңа кеңістігін іске қосады

TikTok бейнероликтерді жасау және көру бойынша жетекші платформасы өз пайдаланушыларының цифрлық әл-ауқатына қамқорлығын жалғастырып, қосымшада «Уақыт және әл-ауқат» атты жаңа бөлімдііске қосады. Бөлім демалуға, TikTok-ты саналы әрі ыңғайлы пайдалануға арналған жаңа және қолданыстағы функцияларды бір орталыққа біріктіреді.

Бүгінгі жаңартулар — платформаның қауымдастық үшін, әсіресе жасөспірімдер үшін қауіпсіз және қолдаушы орта қалыптастыруға бағытталған көпжылдық жұмысының нәтижесі.

Платформа қазіргі таңда жасөспірімдер аккаунттарына арналған 50-ден астам қауіпсіздік және басқару құралын ұсынады. Олар жас қолданушыларға платформаны сенімді, жайлы және қауіпсіз пайдалануға көмектеседі. Әр отбасының қажеттілігі әртүрлі екенін ескерген TikTok ата-аналарға баласының аккаунтын икемді түрде реттеуге мүмкіндік беретін «Отбасылық параметрлер» құралын үнемі жетілдіріп келеді.

Биыл енгізілген маңызды жаңалықтардың бірі — «Белсенді емес уақыт» опциясы, оның көмегімен ата-аналар балалардың қосымшадағы белсенділігін басқара алады. Мысалы, үзіліс жасау қажет кезінде жасөспірімнің TikTok-ты пайдалануын уақытша шектеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, TikTok жасөспірімдер үшін сағат 22:00-де автоматты түрде қосылатын медитация функциясынқосты, бұл олардың күнін жайлы аяқтауына жағдай жасайды. Кейін бұл мүмкіндік барлық пайдаланушыларға қолжетімді болып, бүгінде платформаның миллиондаған пайдаланушылары медитацияны демалу мен қайта күш жинаудың бір тәсілі ретінде таңдайды.

Цифрлық әл-ауқатқа бағытталған тағы бір қадам — TikTok сарапшыларымен және Жастар кеңесімен бірлесіп әзірленген «Цифрлық әл-ауқат миссиялары»бастамасы. Бұл — платформаны пайдаланушыларға салауатты және саналы цифрлық әдеттерді қалыптастыруға көмектесетін қысқа әрі қызықты тапсырмалар сериясы. Алғашқы миссиялар жиынтығыTikTok-тың қауіпсіздік және саналы пайдалануқұралдарымен танысуға бағытталған: «Ұйқы уақыты», «Экран уақыты» функциялары, «Отбасылық параметрлер», «Қауіпсіздік құралдары» және «Цифрлық әл-ауқат» бөлімдері. Әр орындалған миссия үшін пайдаланушылар арнайы белгілер алып, өз прогресін бақылау мүмкіндігіне ие болады.

TikTok-ты саналы және жайлы пайдалануға арналған бірыңғай кеңістік

Позитивті цифрлық тәжірибе — бұл тек экран уақытын бақылау ғана емес. Бұл -технологияларды басқарудағы сенімділік пен онлайн өткізілген уақыттың өз әл-ауқатына пайда әкелетінін сезіну.

TikTok енді осы тәжірибені бір ортаға жинақтайтын жаңа қадамды ұсынады – бұрынғы экран уақытын басқару бетін алмастырып, демалуға, тынығуға және саналы цифрлық әдеттер қалыптастыруға көмектесетін кеңейтілген құралдар жиынтығын ұсынатын «Уақыт және әл-ауқат»атты жеке бөлімі. Мұндай бастаманың өзектілігін зерттеулер де растайды: сауалнама деректері бойынша, TikTok пайдаланушылары платформаны қолданбайтындарға қарағанда медитация мен саналылық тәжірибелеріне 14%-ға жиірек қызығушылық танытады*.

Пайдаланушыларға қолжетімді жаңа мүмкіндіктер қатарында:

  • Аффирмациялар күнделігі — күнге мотивациялық көңіл-күй орнатуға арналған 120-дан астам шабыт беретін карточка. Оларды пайдаланушылар өздері қолдана алады, сондай-ақ басқалармен де бөлісе алады.
  • Жұбатушы дыбыстар генераторы – жаңбырдың, теңіз толқындарының және ақ шудың түрлі дыбыстары. Олар босаңсуға, назарды шоғырландыруға және қоршаған ортадағы жағымсыз дыбыстарды басуға көмектеседі.
  • Тыныс алу жаттығулары — күннің қарбалас сәтінен кейін қалпына келуге, күйзелісті азайтуға, фокусқа қайта оралуға немесе ұйқыға дайындалуға арналған қарапайым тәсіл. Үзіліс жасау және тыныштық сезімін қайта қалпына келтіру қажет болған кез келген уақытта қолданылады.

Жаңа бөлімде сонымен қатар контент авторларының практикалық кеңестері бар бейнероликтер ұсынылған: экран уақыты шектеулерін орнату, ұсыныстар таспасын баптау және «Отбасылық параметрлерді» пайдалану тәсілдері.

«Уақыт және әл-ауқат» бөлімі аккаунт баптауларында қолжетімді. Оған сілтемелер экран уақытының күнделікті лимиті аяқталғанда немесе ұйқы режимі қосылғанда көрінеді. Сондай-ақ бөлім туралы еске салу «Үзіліс жаса» бейнеролигіне енгізілген — бұл пайдаланушыларға пайдалы цифрлық әдеттерді қалыптастыруға көмектеседі.

Пайдалы цифрлық әдеттерді дамытуға арналған жаңа миссиялар

«Уақыт және әл-ауқат» жаңа бөлімін іске қосумен қатар, TikTok төрт жаңа цифрлық әл-ауқат миссиясынтаныстырады:

  • «Ұйқы уақыты» миссиясы. Түнгі уақытта TikTok-ты қолданбау қажет. Ұйқы кезінде медитацияны тыңдауға болады — бұл қосымша эксклюзивті белгіше алуға көмектеседі. Миссия сегіз аптаға созылады, әр орындалған кезең пайдаланушының «әл-ауқат ағашын»өсіруге мүмкіндік береді.
  • Күнделікті экран уақыты белгісі. Оны алу үшін күндізгі экран уақыты лимитін орнатып, сол режимді ұстану жеткілікті.
  • Апталық экран уақыты миссиясы. Пайдаланушылардың апталық экран уақыты есебін үнемі қарап, TikTok-та өткізетін уақытын саналы түрде бағалауға көмектеседі.
  • «Цифрлық әл-ауқат елшісі» миссиясы. Платформа пайдалы цифрлық әдеттерді қалыптастыру миссияларына өзгелерді шақырған пайдаланушыларды қолдайды.

TikTok пайдаланушыларға, әсіресе жасөспірімдерге, технологияларды саналы және сенімді түрде пайдалануына көмектесу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Жаңа кеңістікті әзірлеу кезінде компания ғылыми зерттеулерге сүйенді: шамадан тыс қатаңшектеулер кейде кері әсерін беруі мүмкін. Сондықтан TikTok Цифрлық әл-ауқат зертханасыныңсарапшыларына алғыс білдіреді, олардың бірлескен жұмысы жас пайдаланушылардың әл-ауқатын шынайықолдайтын функцияларды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, платформа жасөспірімдердің пікіріне құлақ асты, оның ішінде TikTok Жастар кеңесі және басқа жас қатысушылардың ұсыныстары ескерілді. Зерттеулер көрсеткендей, жастардың үштен екісі цифрлық уақытты басқару құралдарын пайдалы деп санайды. Алғашқы тестілеу нәтижелері де жаңа тәсілдің тиімділігін растайды: пайдаланушылар «Уақыт және әл-ауқат» кеңістігіне бұрынғы экран уақыты мәзіріне қарағанда әлдеқайда жиі оралады, ал аффирмациялар күнделігі жаңа бөлімнің ең танымал құралдарының біріне айналды.

* GWI зерттеуі, 2025 жылдың 1–2 тоқсанында әлем бойынша 18 жастан асқан респонденттер арасында

 

TikTok туралы

TikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version