Home Aqtobe Day Биыл Ақтөбе облысына 892 млрд тг инвестиция тартылды
Aqtobe Day Әлеумет

Биыл Ақтөбе облысына 892 млрд тг инвестиция тартылды

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсімі 103,6% болғанын айтты.

Ең жоғары өсім инвестициялар саласында байқалды – 129,1. Құрылыс жұмыстарының көлемі 17%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 3,5%-ға артты. Көлік және қоймалау саласында 10,3%, саудада 2,1% өсім тіркелді.

• Өнеркәсіп: 101,3%
• Ауыл шаруашылығы: 101,8%
• Инвестициялар өсімі: 129,1%
• Құрылыс: +17%
• Тұрғын үй: +3,5%
• Көлік/логистика: +10,3%

Биыл құны 110 млрд тг болатын 8 жоба іске қосылды (ERG-дің 150 МВт ЖЭС-і, KazFeltec жүнді терең өңдеу цехы және т.б.).
Жыл соңына дейін 350 млрд тг болатын тағы 4 жоба іске асады.

Аймақта арнайы экономикалық аймақ пен индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр, инвесторларға жағдай жасалуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version