Home Aqtobe Day Ақтөбеде студент қызды асхана дәретханасында зорламақ болған адам сотталды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде студент қызды асхана дәретханасында зорламақ болған адам сотталды

Фото: Orda.kz

Ақтөбе қалалық №2 соты қоғамдық тамақтану орынында ауыр қылмысқа оқталған 35 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Студент қызды зорламақ болған айыпталушы алдағы 6 жылын темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды «Тілші» orda-ға сілтеп.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу, оқталу») және 120-бабының 1-бөлігі («Зорлау») бойынша айып тағылды. Іс материалдары жабық режимде қаралғанымен, үкім ашық жарияланды.

Қылмыс 14 қыркүйек күні кешкі сағат 21:30 шамасында қаладағы «Aport» асханасында болған. Ішімдікке сылқия тойып алған жұмыссыз ер адам әйелдер дәретханасына баса-көктеп кірген. Ол сол жерде болған студент қызға тап беріп, қолындағы ұшы қайырылған шанышқымен қорқытқан.

«Дәретханаға кіргенде есікті біреу тартқылай берді. Киініп, есікке жақындай бергенде ер адам кіріп келді. Бір қолында шетіндегі ұштары бүгілген, ортасы шығып тұрған шанышқы бар, екінші қолында ішімдік болды. Айқайлап көмек сұрадым. Ол мені екі рет унитазға лақтырды. «Ауызыңды жап» деп бетімнен ұрып, шалбарымды шешпек болды. Үстіме отырып алып, қылғындырды. Кеудемнен ұстады. Мен қарсыласып, есікті теуіп, тырнадым. Есікте тырнақ іздері әлі тұр. Шамалы уақыттан соң адамдар көмекке келді. Мен дәретхана ішінен еңбектеп әрең шықтым. Үстім қан болды. Полиция келді. Ауруханаға барғанда мұрнымның сынғанын білдім. Қарақұсым көгерді, басым әлі ауырады. Әйелдер дәретханасының өзіне алаңсыз кіруге болмайды. Сақ болу керек», — деді жәбірленуші.

Судья Нұрлан Бақтығалидың үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот үкіміне сәйкес:

  • Сотталушы жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 1,5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
  • Оған алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеу шаралары тағайындалды.
  • Сотталушының қылмысты мас күйде жасауы жазаны ауырлататын мән-жай ретінде, ал істеген ісіне өкінуі жеңілдететін мән-жай ретінде қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version