Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында құрылыс заттарының арасына жасырынған шетелдіктер ұсталды

Фото: ҰҚК

Ақтөбе облысындағы мемлекеттік шекарада ірі заңсыз көші-қон дерегінің жолы кесілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүк көлігімен жасырын өтпек болған шетелдіктерді қолға түсірді, деп хабарлайды «Тілші» Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Оқиға 2025 жылғы 23 қарашада Ресеймен шекаралас «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде болды. Шекарашылар тексеру кезінде жүк көлігінің ішін тінтіп, күтпеген жағдайға тап болған. Көліктегі құрылыс материалдарының арасында жасырынып жатқан 10 шетелдік азамат анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бірдей бабымен — 24-бап (Қылмысқа дайындалу, оқталу) және 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Тергеу мүддесіне орай және Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, істің өзге мән-жайлары жариялануға жатпайды.

ҰҚК Шекара қызметі мұндай әрекеттердің заңсыз екенін және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын қатаң ескертеді. Ведомство азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту әрекеттеріне қатыспауға шақырады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе облысындағы сүт фермасында жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндірілмек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *