Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын өлтіріп, әжесін жаралады деген күдікпен ұсталды

Фото: freepik.com

2 желтоқсан күні өз анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы қамауға алынды, деп хабарлайды Tilshinews.kz.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, қанды оқиға туралы алғашқы хабарды Алға ауданының тұрғындары жеткізген. Олардың сөзінше, 11-сынып оқушысы 41 жастағы анасына пышақ жарақатын салып, әйел сол жерде көз жұмған. Жасөспірім сондай-ақ сол үйде болған әжесін де жаралаған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті бұл деректі растап, оқиғаның облыс орталығындағы пәтерлердің бірінде болғанын нақтылады.

«Ақтөбе қалалық полициясының кезекші бөліміне қаладағы пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы зорлықпен өлтірілген әйел адамның денесін тапты. Сонымен қатар, сол пәтерден пышақ жарақатын алған қарт кісі ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда», — деді полиция өкілдері.

Ал зардап шеккен 71 жастағы зейнеткер жедел жәрдем көлігімен №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастың жағдайы тұрақты, есін біледі. Ол травматология бөлімінде тиісті ем алып жатыр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Үйде ұстауға болмайды»: Ақтөбе тұрғыны Қызыл кітапқа енген құсты тәуекел етіп бағып отыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *