Home Aqtobe Day Бір тал темекі үшін кісі өлтірген: Ақтөбеде пойыз бастығының өліміне қатысты үкім шықты
Aqtobe Day Әлеумет

Бір тал темекі үшін кісі өлтірген: Ақтөбеде пойыз бастығының өліміне қатысты үкім шықты

Фото: azh.kz

Ақтөбеде шылым сұрағаны үшін пойыз бастығын аяусыз өлтірген 28 жастағы жігіт 20 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен осындай үкім шығарды, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп.

Сотталушы бұған дейін де қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін істі болған «тәжірибелі» қылмыскер болып шықты. Биылдың өзінде Ақтөбе қалалық соты оның бостандығын шектесе, кейін облыстық алқа оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Алайда ол бостандықта жүріп, аса ауыр қылмысқа барған.

Судья Ж.Сейітжапаров үкімді жариялау барысында жазаның қатаң болатынын атап өтті.

«Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы («Бұзақылық ниетпен адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 60-бабын негізге ала отырып, бұрынғы өтелмеген жазасының бір бөлігі қосылып, түпкілікті 20 жылға сотталды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді», — деді судья.

Сонымен қатар, сотталушы марқұмның отбасына 10 миллион теңге моральдық өтемақы және 800 мың теңге өкілдер шығынын төлеуге міндеттелді.

Полицияға қатысты жеке қаулы

Сот барысында құқық қорғау органдарының салғырттығы да назардан тыс қалмады. Судья Ақтөбе облыстық полиция департаментіне қатысты жеке қаулы шығарды. Себебі, сотталушы осы қылмысты жасар алдында сот шешімімен қамауда отыруы тиіс еді, алайда ол бостандықта жүрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version