Aqtobe Day Әлеумет

Дәрігерлер автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

Жаңартылған ақпарат бойынша, ауруханаға 15 адам жеткізілді. Бұл туралы «Тілші» «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Апат 7 желтоқсанда шамамен сағат 8:40-та Самара–Шымкент автожолының 1024-шақырымында болды. Пермь қаласынан Ташкентке бағыт алған автобус трассада аударылған. Салонда Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Бес адам оқиға орнында қаза тапты, 15 жараланған адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 13 адам тексерістен кейін үйіне жіберілді. Барлығы – ер адамдар. Ал 51 және 39 жастағы екі ер адам ауруханада қалды. Зардап шеккендер ем қабылдап жатыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті мәлімдегендей, жолаушылар автобусы қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай келе жатып, Ұлғайсын ауылының маңында көлікті жолдың жүріс бағыты бойынша оң жаққа аударып алған.

Әйтеке би аудандық әкімдігінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасы азаматтары Қарабұтақ әкімдігіне қарасты қонақүйге орналастырылған, оларды алып кету үшін автобус жолға шықты.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеліктер алғашқы ұстаздарын еске алды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *