Медиа

«Әділ сөз» қоры KazTAG басшыларына араша түсті

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры KazTAG ақпарат агенттігінің басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке қатысты қозғалған қылмыстық іске қатты алаңдаушылық білдірді. Қор өкілдері тергеу барысында заң бұзушылықтарға жол берілгенін айтады, деп хабарлайды «Тілші».

Кеше Астана қалалық Полиция департаментінде тергеу амалдары жүрді. Агенттіктің бас директоры Әсет Матаев сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін, яғни 5 сағат бойы тергеушінің сұрақтарына жауап берді. Одан шыға салысымен, полиция бас редактор Әмір Қасеновті тергеуге кіргізді.

«Әділ сөз» қоры таратқан мәлімдемеде агенттіктің Қазақстан медиа кеңістігіндегі орны ерекше екені айтылған.

«Ақпараттық кеңістікті жаһандық платформалардың алгоритмдері басқарып тұрған қазіргі заманда, ұлттық тәуелсіз медианы сақтап қалу – қоғам үшін маңызды әрі мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне тікелей қатысты мәселе», — деп мәлімдеді қор.

Ұйым құқық қорғау органдарын Қылмыстық-процестік кодексті қатаң сақтауға, тергеудің ашық өтуін қамтамасыз етуге және журналистердің құқығын таптамауға шақырды.

Еске сала кетейік, KazTAG басшыларына қылмыстық іс қозғалды, ал агенттік санкцияны айналып өту схемасын жариялады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Нұркен ЖАЛМҰХАНОВ, «Астана» арнасының операторы: «Жан-жағындағы жайттарға немқұрайлы қарайтын адам журналистикада ұзақ жүре алмайды»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *