Aqtobe Day Әлеумет

Үшінші рет мас күйінде ұсталған ақтөбелік жүргізуші 5 жылға сотталуы мүмкін

Фото: informburo.kz

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған Toyota Sienna көлігін тоқтатты. Тексеру барысында 32 жастағы жүргізушінің есірткіге еліткені және оның бұған дейін де бірнеше рет сотталғаны анықталды, деп хабарлайды «Тілші».

Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын жүргізушінің оғаш қылығы мен сыртқы келбеті аударған. Күдік расталып, медициналық сараптама оның есірткі заттарының әсерінде болғанын көрсетті.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бірнеше рет сотталғаны белгілі болды:

  • 2023 жылы: Есірткілік масаң күйінде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.
  • 2024 жылы: Рөлге қайта отырып, тағы да есірткімен ұсталған. Сот оны 6 айға бас бостандығынан айырып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына шеттеткен.
  • 2025 жыл: Қатаң жазаға қарамастан, ол тағы да заң бұзып, басқалардың өміріне қауіп төндірді.

Қазіргі уақытта заң бұзған ақтөбелік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл жолы жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мас күйінде көлік басқару – ауыр қылмыс және оның соңы қайғылы жағдайға әкеледі», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Coca-Cola Içecek Ақтөбеде жаңа зауыт салады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *