Company

«Кселл» АҚ ақпараттық қауіпсіздік деңгейінің жоғары екенін растады

Фото: time.kz

Жылдам цифрландыру дәуірінде деректерді қорғау мәселесі басымдық қана емес, бизнестің тұрақты дамуы үшін міндетті шартқа айналды.

«Кселл» АҚ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру, енгізу және жетілдіру үдерістерін реттейтін әлемдік жетекші стандарт — ISO/IEC 27001:2022 халықаралық сертификатын алды.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету — жаңа қатерлер мен технологиялық өзгерістерге үнемі бейімделуді талап ететін үздіксіз процесс. Бұл сертификат «Кселл» АҚ-ның киберқауіпсіздік саласындағы кемелденуін растайды және компанияның құпия деректерді қорғауға, тиімді қауіпсіздік шараларын енгізуге бейілділігін көрсетеді», — деп атап өтті компанияда.

ISO/IEC 27001 стандарты жабдық немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдаумен шектелмейді — ол ақпараттық қауіпсіздікті басқару үдерістерінің құрылу қағидасын анықтайды. Оның негізгі бағыттарына тәуекелдерді басқару, қолжетімділікті бақылау, оқиғалар кезінде әрекет ету, бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету және рәсімдерді тұрақты жетілдіру кіреді.

Baltum Bureau халықаралық сертификаттау органы берген құжат компанияның әлемдік нормаларға сәйкестігін растайды және бүкіл әлем бойынша сертификатталған ұйымдарды біріктіретін IRQAO жаһандық тізіміне енгізілгенін дәлелдейді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Техникаға құйылған миллиардтар: «Қазхромның» жаңа шахтасына алғашқы техникалар сатып алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *