Isker Tilshi

Британдық акционер Air Astana-дағы үлесінің жартысына жуығын сатпақ

Британдық BAE Systems корпорациясы Air Astana-дағы үлесінің жартысына жуығын сатпақ. Сатылымнан кейін оның үлесі 9%-ға дейін қысқаруы мүмкін. Компания былтыр IPO-дан кейін үлесін 49%-дан 16,95 %-ға дейін азайтқан еді, деп хабарлайды Isker Tilshi Азаттыққа сілтеп.

17 желтоқсанда Air Astana BAE Systems-дің үлесі азаятынын ресми түрде растады.

«Air Astana АҚ BAE Systems компаниясы үлесінің бір бөлігін жеделдетілген букбилдинг процесі арқылы сатуды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты назарға алғанын хабарлайды. Мәміленің егжей-тегжейі жария ақпараттарда көрсетілген» деп мәлімдеді.

BAE Systems — қару-жарақ, киберқауіпсіздік және аэроғарыш технологиясы саласында істейтін Ұлыбританияның ірі компаниясы. 2021 жылдан бері әуе компаниясының акционерлер қатарына енген.

Корпорация үлесін азайтса да, BAE Systems Air Astana компаниясының екінші ірі акционері ретінде өз позициясын сақтап қалады деген болжам айтылып отыр. Бірінші орында – «Самұрық-Қазына» (41%), ал БЖЗҚ – үшінші орында (6,51%).

2024 жылғы IPO-дан кейін компанияның меншік құрылымы өзгеріп, акцияларының айтарлықтай бөлігі қор нарығындағы еркін айналымға енген.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Google АҚШ-та деректерді өңдеу орталықтары мен жасанды интеллект инфрақұрылымына 25 млрд доллар инвестиция құяды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *