Home Aqtobe Day Украинада соғысқан Алға тұрғыны жарылыстан қаза тапты
Aqtobe Day Әлеумет

Украинада соғысқан Алға тұрғыны жарылыстан қаза тапты

Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысы Алға қаласының 28 жастағы тұрғыны Украинадағы соғыста көз жұмды. Ол Ресей әскерінің қатарына өз еркімен қосылып, майдан даласындағы жарылыстан қаза тапты, деп хабарлайды «Тілші» «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Дмитрий интернеттегі жаңалықтардың әсерімен соғысқа баруға шешім қабылдаған. Ол 2024 жылдың ақпан айында шекара асып, алғашында Ленинград облысындағы хостелде жұмыс істеді.

Кейін ол жақындарына айтпастан, Ресей Қарулы күштерімен келісімшартқа отырды. Ол қатардағы жауынгер шенін алып, механик-жүргізуші қызметін атқарды. Дмитрий биылғы 23 ақпан мен 25 сәуір аралығында Украинаға қарсы соғыс қимылдарына тікелей қатысты.

Қайғылы оқиға 25 сәуір күні Харьков облысының Волчанск қаласында болды. Ұрыс кезінде жарылыс болып, жерлесіміз ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты.

Марқұмның денесін Дондағы Ростовта кремациялап, күлін Орынбордағы Орал өзеніне шашты.

Қазақстанның құқық қорғау органдары Дмитрийге қатысты шет елдегі қарулы жанжалға қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғады. Заң бойынша, айыпталушы қайтыс болған жағдайда тергеушілер істі бірден тоқтатуы тиіс еді. Алайда іс сотқа дейін жетті.

Ақтөбе сотының судьясы Бақтығалиев сотталушының өліміне байланысты қылмыстық істі өндірістен қысқартты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version