Әлем Саясат

Жапаров Атамбаевты мемлекеттік атақтарынан айырды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шешімімен елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік жоғары наградаларынан айырылды, деп хабарлайды «Тілші» Orda.kz сайтына сілтеп.

Атап айтқанда, Алмазбек Атамбаев елдегі ең жоғары айрықша дәреже — «Қырғыз Республикасының Батыры» атағынан, сондай-ақ «Манас» орденінің II дәрежесінен, «Данакер» орденінен және «Даңқ» медалінен айырылды.

Бұл шешім ресми жарлық негізінде қабылданған. Мемлекет басшысы мұндай қадамды мемлекеттік марапаттар туралы заңнама аясында жүзеге асырғаны хабарланды.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011–2017 жылдар аралығында басқарған. Соңғы жылдары оның аты бірқатар қылмыстық істер мен саяси дау-дамайлар аясында аталып келеді. Экс-президент 11 жылға сотталған еді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ресей полициясы актриса Лия Ахеджакованы "армия беделіне нұқсан келтіру" бабы бойынша тексеріп жатыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *