Home Isker Tilshi «Orda Invest» басшысы жаңа компания ашты
Isker Tilshi

«Orda Invest» басшысы жаңа компания ашты

Фото: weproject.media

Белгілі кәсіпкер, ірі құрылыс компаниясының негізін қалаушы Шалқарбек Тәліпов бизнесін кеңейтті. Ол Астана халықаралық қаржы орталығының  алаңында жаңа серіктестікті ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды Isker Tilshi kapital.kz сайтына сілтеп.

Бұл қадам құрылыс нарығындағы ірі ойыншының қызмет аясын әртараптандыруды көздейтінін байқатады.

Жаңа компания «Orda Property Limited» деген атауға ие болды. Ресми деректер бойынша, кәсіпорын 2026 жылдың 13 қаңтарында Астана қаласында тіркелген. Серіктестік жылжымайтын мүлікті басқару және меншігіндегі ғимараттарды жалға беру ісімен шұғылданады. Шалқарбек Тәліпов жаңа құрылымның басшысы қызметін өзі атқарады.

Кәсіпкер Шалқарбек Тәліпов «Orda Invest» компаниясын осыдан 18 жыл бұрын құрған. Компания девелопменттің толық циклін қамтиды. Яғни, мамандар жер учаскесін сатып алудан бастап, жобалау, құрылыс жүргізу, сату және нысандарға кейінгі қызмет көрсету жұмыстарын түгелдей өздері жүзеге асырады. Компания негізінен Астана және Шымкент қалаларында «премиум» санатындағы тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды салады.

Астаналықтар компанияны ерекше сәулеттік стилі бар нысандары арқылы жақсы таниды. Олар «Europe Palace I», «Liberty», «Orken de Luxe» және «Nur Aspan 2» сияқты ірі тұрғын үй кешендерін сәтті аяқтап, халық игілігіне берді. Енді компания құрылыспен ғана шектелмей, мүлікті жалға беру және басқару нарығында да өз үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version