Home Әлеумет Бектенов: Әлеуметтік-медициналық қордағы кінәлілер жауапқа тартылады
Әлеумет

Бектенов: Әлеуметтік-медициналық қордағы кінәлілер жауапқа тартылады

Фото: depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорындағы бассыздықтарға қатысты мәлімдеме жасады. Үкімет басшысы тексерістің басталғанын және кінәлілердің жазадан құтылмайтынын ескертті, деп хабарлайды «Тілші».

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда қорды Денсаулық сақтау министрлігінен алып, Қаржы министрлігіне өткізу туралы шешімді қолдағанын атап өтті.

Бұрын жүргізілген ақпараттық медициналық жүйелерді талдау нәтижелері бойынша тиісті тексерулер басталып кетті, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады. Қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін биылғы 1 шілдеге дейін МСӘҚ ақпараттық жүйесін Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіне енгізу тапсырылды.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы елімізді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай ұзақмерзімді стратегиясымен үндесіп жатыр. Оларды жүзеге асыру барлық құрылымның нақты әрі үйлесімді жұмысына байланысты. Әрбір басшы дербес жауапты болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version