Home Әлеумет «Төбелес емес, принцип мәселесі»: Сәпиев жанжалдың шын себебін ашық айтты
Әлеумет

«Төбелес емес, принцип мәселесі»: Сәпиев жанжалдың шын себебін ашық айтты

Фото: sports.kz

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен Дәурен Есімхановтың арасындағы даулы оқиғаның жаңа жайттары белгілі болды. Белгілі спортшы бұл қақтығыстың тұрмыстық жанжал емес екенін, оның астарында заңсыз әрекеттерге қарсылық жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Тілші».

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қос шенеуніктің арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тараған еді. Енді тараптар осы оқиғаға қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

«Көлеңкелі топтардың қысымы»

Серік Сәпиев халыққа арнаған үндеуінде оқиғаның мән-жайын ашып айтты. Оның сөзінше, аймақта жасырын ықпалы бар белгілі бір топтар облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз жолмен ауыстыруға (ротациялауға) әрекет жасаған. Ең сорақысы, бұл іске Сәпиевтің орынбасары да араласқан көрінеді. Олимпиада чемпионы дәл осы заңсыздықты тоқтатқанын, сол үшін қысымға ұшырап, соңы осы жанжалға ұласқанын жеткізді. Ол Мемлекет басшысының спорттағы реформаларын жүзеге асыру жолында мұндай арандатушылықтарға жол бермейтінін қадап айтты.

«Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды. Барлықтарыңызға рақмет! Қазақтың күші – бірлікте!», — деді Серік Сәпиев.

Есімханов не дейді?

Ал оқиғаның екінші қатысушысы Дәурен Есімханов та қысқаша мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды. Есімхановтың пікірінше, қазіргі айтылып жатқан сөздер шындыққа жанаспайды. Ол көпшілікті арандатуға ермеуге және жағдайды ушықтыратын әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version