Әлеумет

Астанада TikTok-тағы жалған «емші» түрмеге қамалды

Фото: akt.sud.kz

Астана қаласында TikTok желісі арқылы өзін «көріпкел» және «емші» деп таныстырып, аңғал жандарды тақырға отырғызған алаяққа сот үкімі шықты. Жалған емші үш адамды алдап, олардан 5,5 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған, деп хабарлайды «Тілші» Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер табыс көзі ғана емес, алаяқтардың аңшылық құралына айналды. Сотталған азамат TikTok платформасында арнайы парақша ашып, өзінің «ерекше қабілеті» бар екеніне көпшілікті сендірген.

Тергеу барысында алаяқтың қулығы әшкереленді. Ол желіде денсаулығына байланысты шағым айтқан немесе қиын жағдайға тап болған адамдарды іздеп тапқан. Оларға хабарласып, дертінен айықтыра алатынын айтып, психологиялық қысым жасаған. Нәтижесінде сенгіш азаматтар «емделу» үшін оған қомақты қаржы аударған. Алаяқ жиналған 5,5 миллион теңгені ем-домға емес, құмар ойындарға жұмсап, букмекерлік кеңселерде бәс тіккен.

Мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды толық ұсынды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынның бір бөлігін қайтарды. Дегенмен, сот оны қоғамнан оқшаулау туралы шешім қабылдады. Үкім бойынша ол 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, төрт жолақты қозғалыс ашылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *