Home Aqtobe Day Ақтөбеде алаяқтар әйелді 12 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратты
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде алаяқтар әйелді 12 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратты

Фото: Freepik.com

Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, өз атына ірі көлемде несие рәсімдеген. Бұл туралы полиция хабарлады.

Алаяқтар жәбірленушіге WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, Қаржылық мониторингтің жаңа ережелеріне сәйкес тіркеуден өтпегенін айтқан. «Растау» үшін UCH сервисінен келген SMS-кодты айтуын сұраған.

Кейін өздерін қаржылық мониторинг қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар әйелге қоңырау шалып, оның атына түрлі банктерде несие рәсімделіп жатқанын хабарлаған. Алаяқтардың нұсқауын орындаған жәбірленуші жинаған қаражатын шешіп алып, қосымша несие рәсімдеп, тіпті автокөлігін кепілге қойған.

Нәтижесінде келтірілген материалдық шығын 12 миллион теңгеден асқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, ешқашан SMS-кодтарды, банк деректерін және жеке ақпаратты бөгде адамдарға бермеуді ескертеді. Тіпті олар өздерін мемлекеттік немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырған жағдайда да мұндай мәліметтерді айтуға болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version