Home Әлеумет Қазақстандағы ең кәрі қылмыскер 2027 жылы бостандыққа шығады
Әлеумет

Қазақстандағы ең кәрі қылмыскер 2027 жылы бостандыққа шығады

Фото: kz.kursiv.media

Қазақстан түрмелерінде жазасын өтеп жатқан ең қарт адам жақында бостандыққа шығады. Кісі өлтіргені үшін сотталған 84 жастағы қария темір тордың ар жағындағы соңғы жылдарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Тілші» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті  бұл ақпаратты ресми сауалға берген жауабында растады.

Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі таңда колонияда отырған ең жасы үлкен сотталушы 1942 жылы дүниеге келген. Оның жазаны өтеу мерзімі 2027 жылы аяқталады. Осылайша, қарт бостандыққа шыққан сәтте оның жасы 85-ке толады. Жалпы алғанда, еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 70 жастан асқан шамамен 100 сотталушы жазасын өтеп жатыр.

Комитет өкілдері қарт сотталушылардың жазасын жалпы негізде өтейтінін атап өтті. Оларға арнайы жеңілдіктер қарастырылмаған, алайда қажет болған жағдайда мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек аясында оларға дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Денсаулығы сыр берген қариялар дәрігерлердің бақылауында болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version