Home Aqtobe Day «Құрғақ есептен – нақты іске»: Ақтөбеде қылмыспен күрестің жаңа әдісі енгізіледі
Aqtobe Day

«Құрғақ есептен – нақты іске»: Ақтөбеде қылмыспен күрестің жаңа әдісі енгізіледі

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы құқық бұзушылықтың алдын алудың мүлде жаңа форматына көшеді. Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында «Айқын нәтиже» атты тың жоба таныстырылды. Ендігі мақсат – қағаз жүзіндегі есеп беруден арылып, қылмыс деңгейін іс жүзінде төмендету, деп хабарлайды «Тілші» Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Ведомствоаралық комиссия отырысында қоғамдық қауіпсіздік, жол қозғалысы және кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселелері талқыланды. Жиынға құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері қатысты.

«Айқын нәтиже» жобасы не береді?

Облыстық прокуратура өкілдері Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған жаңа жобаның мәнін ашты. Басқарма бастығының орынбасары Темір Бекетовтің айтуынша, бұл бастама формальды жұмыстан бас тартып, нақты нәтижеге ұмтылуды көздейді. Жоба проблемалық аумақтардағы қылмыс ошақтарын жоюға, орындаушылардың жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл тәсіл арқылы шағымдар саны қысқарып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімі артады деп күтілуде.

Жаңа заң күшіне енеді

Сондай-ақ жиында 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енетін «Құқықбұзушылықтың профилактикасы туралы» жаңа заң талқыланды. Облыс прокурорының орынбасары Айбек Тағыберген заң аясында қоғамдық көмекшілердің рөлі күшейетінін жеткізді. Жаңа құжат жергілікті атқарушы органдарға кең құзырет береді және қылмыстың алдын алуда жүйелі тәсілді қалыптастырады.

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қылмыс 18 пайызға азайған

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірдегі қылмыс саны шамамен 18 пайызға азайған. Полиция бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов бейнебақылау жүйесі мен «Цифрлық полиция» жобасының арқасында ауыр қылмыстардың да төмендегенін атап өтті. Ал «ҚазАвтоЖол» өкілдері жол қауіпсіздігін арттыру үшін көпірлер мен ақпараттық экрандар орнату жұмыстарын баяндады.

Әкімнің тапсырмасы

Жиын соңында Асхат Шахаров жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Өңір басшысы жұмыстың сапасына және әсіресе жастармен жұмысқа баса назар аударды.

«Барлық жоспарланған іс-шаралар уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс. Негізгі назар кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер, қиын отбасылар және есепте тұрған азаматтармен жұмысқа, сондай-ақ жолдар мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге аударылуы қажет. Органдар үйлесімді әрекет етіп, жұмыс нәтижелері тұрақты түрде бағаланып отыруы тиіс», – деп қадап айтты облыс әкімі.

Асхат Шахаров патрульдеуді күшейтуді және «Цифрлық полиция» мен «Айқын нәтиже» жобаларын кеңінен енгізуді міндеттеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version