Home Шоу-бизнес «50 жылға тыйым салынды»: Нұрлан Сабыров Ресейден депортацияланды
Шоу-бизнес

«50 жылға тыйым салынды»: Нұрлан Сабыров Ресейден депортацияланды

Фото: instagram.com/nurlan__saburov

Қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабыровқа Ресей Федерациясының аумағына кіруге 50 жылға тыйым салынды деген ақпарат тарады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды «Тілші» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік тарап бұл шешімді «ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін» қабылдаған көрінеді. Әзірге ресейлік ведомстволар мен комиктің өзі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі комиктің заңды құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты ақпаратпен бөлісті. Ведомство өкілдері әзірге Сабыров тарапынан көмек сұраған өтініш түспегенін мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының азаматы Н. Сабыровқа қатысты хабарлайтынымыз, ол немесе оның заңды өкілдері Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жүгінген жоқ», — делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, Ресейдің құзырлы органдарынан Нұрлан Сабыровтың ұсталғаны туралы ресми ақпарат Қазақстан тарапына келіп түспеген.

БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, оқиға 2026 жылдың 6 ақпанына қараған түні Мәскеудің Внуково әуежайында болған. Дубайдан ұшып келген комикті паспорттық бақылаудан өткен соң жеке бөлмеге алып кетіп, шекарашылар оған Ресейге кіруге тыйым салынған ресми құжатты табыстаған.

Кейін Сабыровтың Дубайға тегін депортацияланудан бас тартқаны белгілі болды. Дереккөздердің хабарлауынша, тегін ұшудың міндетті шарты — жолаушының қолына кісен салу болған. Нұрлан Сабыров бұл қорлауға келіспей, өз қаражатына Қазақстанға билет сатып алып, елге оралған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version