Home Company Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы Астанада өтеді
Company

Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы Астанада өтеді

2026 жылғы 2–3 сәуір күндері Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтеді, деп хабарлайды «Тілші». Форум мемлекет пен бизнес арасындағы негізгі диалог алаңы саналады және машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамалық бағыттарын қалыптастыруға арналған.

Форум аясында мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың тетіктері, импортты алмастыруды ынталандыру шаралары, технологиялық жаңғырту мәселелері, сондай-ақ отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары талқыланады.

Іс-шараға 1 000-нан астам қатысушы, оның ішінде 20-дан астам елден келген мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, ірі тұтынушылар мен машина жасау өнімдерін өндіруші жетекші компаниялар қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ форум аясында 2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді. Көрмеде машина жасау саласының түрлі бағыттарына арналған заманауи технологиялар, жабдықтар мен шешімдер ұсынылады.

Форум бағдарламасы мен қатысушыларды тіркеу www.smkz.kz сайтында қолжетімді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version