Актөбе облысының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақша арқылы екі дана iPhone 16 Pro маркалы ұялы телефон сатып алмақшы болды. Сатушы банктік қосымша арқылы 660 мың теңге төлем қабылдаған соң байланысқа шықпаған.
«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы оқиғаға қатысы бар 32 жастағы әйелді анықтап, ұстады.
Аталған факті бойынша алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы тауар сатып алғанда сақ болуды, бөтен адамдарға ақша аудармауды және тек сенімді сауда алаңдары мен ресми сатушылардан сатып алуды ескертеді.
