Home Aqtobe Day Ақтөбеде ауыл тұрғынынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде ауыл тұрғынынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алға ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында биылғы қаңтар айынан бері ауыл тұрғынының бопсалауға ұшырағаны анықталды.

Тергеу мәліметінше, алдын ала сөз байласқан белгісіз тұлғалар пайдакүнемдік мақсатта ер адамнан екі миллион теңге талап еткен. Жәбірленуші аталған соманың бір бөлігін беріп үлгерген.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен арнайы бөлініс жауынгерлерінің қатысуымен өткізілген арнайы операция барысында күдіктілер Ақтөбе қаласында ұсталды. Олар жәбірленушіден 400 мың теңге көлеміндегі ақшаны алу кезінде қолға түсті.

Анықталғандай, ұсталған үш азаматтың барлығы — Ақтөбе қаласының тұрғындары. Тінту барысында бопсалау жолымен алынған ақша қаражаты, сондай-ақ күдіктілердің біріне тиесілі «Газель» автокөлігінен пышақ табылып, тәркіленді.

Күдіктілер кінәсін мойындады. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version