Әлеумет

Қазақстанда «Омикронның» жаңа түрлері таралып жатыр

Фото: REUTERS

Қазақстанда коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамы әлі де халық арасында таралып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті  елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми мәлімет ұсынды, деп хабарлайды «Тілші».

Мамандар жағдайдың тұрақты екенін және дүрбелеңге негіз жоқ екенін алға тартады.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2026 жылдың басынан бері елімізде КВИ-дің небәрі 5 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 17,2 есеге төмендегенін көрсетеді. Ең қуаныштысы, вирустан қайтыс болғандар, яғни леталды жағдайлар мүлдем тіркелген жоқ.

Комитет мамандары SARS-CoV-2 нұсқаларының таралуына соңғы мониторинг жүргізді. Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта «Омикрон» штамының бірнеше түрі қатар анықталып жатқанын көрсетті.

«Қазіргі таңда «Омикрон» штамының XFG.3 нұсқасы басымдыққа ие — 75%. Ал XFG.3.1 және XFG.6 нұсқаларының үлесі теңдей — әрқайсысы 12,5%-дан құрайды», — делінген хабарламада.

Дәрігерлер XFG желісінің таралуы халық денсаулығына «Омикронның» бұрынғы түрлерімен салыстырғанда қандай да бір қосымша қауіп немесе ауыр зардаптар әкелмейді деп сендіреді. Вирустың бұл түрі жеңіл өтеді, алайда қарапайым сақтық шараларын ұмытпаған абзал.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Олжас Сүлейменов Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *