Самара–Шымкент автожолының 848-шақырымында Toyota Camry мен ГАЗель соқтығысты. Салдарынан ГАЗель өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Toyota Camry жүргізушісі – 41 жастағы Тәжікстан азаматы көлік ішінде қысылып қалған. Екі зардап шеккен адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.
Дәрігерлердің айтуынша, бір науқас жансақтау бөлімінде, екіншісі хирургия бөлімінде жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
