Aqtobe Day Әлеумет

Әлеуметтік орталықтан қашқан ақтөбелік табылды

Фото: БҚО психикалық денсаулық орталығы

Ақтөбе қаласындағы №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан ізін суытқан Айтжан Нағашыбай бір аптадан астам уақыттан соң табылып, мекемеге қайтарылды. Облыстық полиция департаменті аталған азаматтың дін аман екенін растады, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, ер адам орталық аумағынан 4 ақпан күні кешкілік белгісіз бағытта қашып кеткен болатын.

Бүгінде Айтжан Нағашыбай өзінің денсаулық жағдайына қатысты қойылған диагнозбен келіспей, заңды түрде күресіп жатыр. Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Орталық тұрғыны Айтжан Нағашыбай сотқа арыз түсіріп, денсаулығы туралы диагноз қайта қаралып жатыр. Бірінші сот отырысы өтті. Іс әлі қаралып жатыр», — деп хабарлады басқарма өкілдері.

Ресми деректерге сүйенсек, Айтжан Нағашыбай 2020 жылдың қазан айынан бастап сот шешімімен осы №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрақты тұрғыны саналады. Оған дәрігерлер «F20.8» (шизофренияның басқа түрлері) диагнозын қойған. Айта кетерлігі, бұл оның мекемеден бірінші рет бой тасалауы емес. Ол бұған дейін де орталықтан бірнеше рет қашып кеткен.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе соты заңсыз салынған май ауыстыру орталығын сүруді міндеттеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *