Бұған дейін жасөспірім қыз бірнеше рет түнгі рейд кезінде ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбеде полициясы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады.
— Қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау қамтамасыз етілді. Аталған қылмыстық істі тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ал облыстық білім басқармасы қыздың бұған дейін профилактикалық есепке алынғанын айтты.
— Бұл оқиғаға дейін білім беру мекемесі тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданған. Жүргізілген түнгі рейдте кәмелетке толмаған тұрғынның бірнеше рет ұсталғаны анықталды. Ата-анасына сол кезде ескерту жасалып, оқушы профилактикалық есепке алынды. Оқушымен жеке жұмыс жоспары жасалған, бақылау орнатылған. Сол кезде жүкті екені анықталды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы.
