Company

Моноқала – Хромтау тұрғындарына қаланы абаттандыру мүмкіндіктері артпақ

Мұнда қыркүйектің бесінен ERG компаниясының бастамасымен қолға алынған «Tugan Qala» жобасының «Tugan Qala Birlestik» деп аталатын жалғасы басталады. Бұл жоба бұрынғыдан өзгерек. Яғни бюджеті қомақты және ірі инфрақұрылымдылық жобаларға баса назар аударатындымен ерекшеленеді. Ал оған бір идеяны ұсынған қала азаматтарынан құралған топтар қатыса алады. 

Бастамашылық бюджеттеу бойынша қолға алынған жаңа әлеуметтік жоба моноқалада бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Осы уақыт ішінде бірнеше ондаған жаңа нысан – балалар алаңдары, муралдар және өткен жылдан бастап маңызды іс-шаралар жоспарлары (турнирлер мен жарыстар) пайда болды.

– Бұл Хромтаудан бастау алған «Tugan Qala» жобасының алғашқы жаңалығы емес, — деп атап өтті Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Азамат Бектібаев. – Жобаның жалғасына көбірек адам қатыса алады. Хромтаулықтардың идеяларын жүзеге асыруда қала жақсы көрсеткіштерге ие. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Жаңа бастамамен бастаманың ауқымын кеңейтіп жатырмыз. Соның нәтижесінде жекеленген аудандар үшін ғана емес, барлық азаматтар үшін пайдалы әрі қызықты болатын үлкен нысандар пайда болады деген сенімдемін.

Енді хромтаулықтарда қаланың инфрақұрылымын дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерден бөлек, қосымша мүмкіндіктер тағы бар. Жобаның мәні мынада – қала басшылығымен және белсенді тұрғындармен келісе отырып, игерілмей жатқан қала меншігінің ішінен бірнеше орын таңдалады. Мысалы, бос жатқан жерлер, қараусыз қалған ғимараттар. Тұрғындар қажет деп тапқан жобаны аудан әкімінің сайтынан дауыс беру арқылы таңдайды. Одан әрі көп дауыс жинаған жеңімпазға жүз миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

– Бәріміз бірлесе отырып, жарамсыз жерлерді қайта қалыпқа келтіреміз, — деді Хромтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Сағындық Шабикбаев. – Жобаның бірінші жылынан бастап-ақ,  қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетіп, жеңімпаз атанбаған жобаларды да  қаржыландырып келеді. Осылайша, үш жыл ішінде сегіз идея жүзеге асырылды. Жаңа «Tugan Qala Birlestik» тұрғындардың қалада жайлы орта қалыптастыруға көптеп қатысуына мүмкіндік береді.

Онлайн сауалнамамен қоса, қазан айында таңдалған орындарда кездесулер өткізу жоспарлануда. Бүгінде әкімдікпен бірлесіп, одан әрі іріктеу үшін сегіз орын анықталды.

Барлық жаңалықтарды https://tugan-qala.kz/ жобасы порталындағы арнайы қосымшадан қарауға болады.

  «Қазхром» ТҰК» АҚ  жайында

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ – бұл әлемдік деңгейдегі заманауи вертикалды интегралданған компания, дүниежүзіндегі тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі, хром кенінің сапасы бойынша әлемдегі озық компаниялардың үздігі. Жер қойнауын барлаудан бастап, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту, жоғарғы қосымша құнымен өнім шығаратын металлургиялық өндірістен тұратын тау-кен-металлургиялық кластерінің толық циклы болып табылады. Компания жылына 5,2 млн. тонна хром кенін және 1,7 млн. тонна ферроқорытпа өндіреді. «Қазхром» ТҰК» АҚ төрт құрылымдық бөлімше-филиалдарды біріктіреді: Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы  (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы)  және  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы).

EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта 15 елде орналасқан ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service.

Африкада ERG мыс және кобальт кендерін қазып алады, мыс концентраты мен кобальт гидроксидін өндіреді. Конго Демократиялық Республикасының Колвези өңіріндегі тарихи басқа компаниялардан қалған мыс және кобальт қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын Metalkol кәсіпорны әлемдегі екінші ірі кобальт өндіруші болып табылады.

Сонымен қатар, компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елдерде, атап айтқанда Оңтүстік Африка Республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру жобалары бар. Топ құрлықтағы өзінің жеткізілімдерінің тізбегін Sabot атты арнайы көліктік компанияның көмегімен жүзеге асырады, ол «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінде құрлықаралық тасымалдау қызметін көрсетеді.

ERG Бразилияда Pedra de Ferro кен орнында темір кенін өндіру, Porto Sul теңіз порты мен FIOL құрлық аралық темір жолын біріктіретін кешенді BAMIN жобасын дамытып жатыр.

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған Аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың (GBA) құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді. Бүгінгі таңда GBA құрамында 135 халықаралық ұйым мен компаниялар бар.

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың (GBA) құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *