13 қыркүйекте Еуропарламент Беларусьпен қарым-қатынас туралы резолюцияға дауыс берді. Құжатта Халықаралық қылмыстық істер жөніндегі сотқа бағытталған белорус басшысы Александр Лукашенконы тұтқындау жөнінде үндеу де бар. Баяндамада сонымен бірге Лукашенконың Ресей президенті Владимир Путинмен қатар Украинадағы соғысқа қатысы бары айтылады. Бұл жөнінде Еуропарламент сайтында айтылған.
Сәрсенбі күні күндіз шетелде жүрген белорус оппозициясы жетекшілерінің бірі Светлана Тихановская Еуропарламентке үндеу жасаған. Ол депутаттарды Беларусьтің Еуропаға қатысты бастамаларын қолдауға және Еуропа мен Беларусьтің демократия күштері арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге шақырған.
Тихановская Еуропарламент пен Лукашенко режимімен күресіп жатқан Беларусь оппозициясы арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын меморандум қабылдауға да үндеді.
Тихановскаяның айтуынша, оппозиция Беларусьте демократия орнату жағынан қолдауға зәру.
NEXTA Телеграм-арнасының хабарлауынша, Еуропарламент белорус диктаторы Лукашенконың Украинадағы соғысқа Путинмен бірдей қатысы бар екенін мойындап, Халықаралық қылмыстық істер жөніндегі сотты Лукашенконы тұтқындауға ордер беруге үндеген.
Резолюция мәтіні Еуропарламент сайтында жарияланды.
azattyq.org, фото: dw.com