Путин сайлауға түсетінін қарашада жариялауы мүмкін

RUSSIA, MOSCOW - SEPTEMBER 29, 2023: Russia's President Vladimir Putin meets with Russian servicemen, participants in Russia's special military operation, at Moscow's Kremlin. Pavel Bednyakov/POOL/TASS Россия. Москва. Президент РФ Владимир Путин во время встречи с военнослужащими специальной военной операции в Кремле. Павел Бедняков/POOL/ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин бесінші мәрте президенттік мерзім үшін сайлауға түсетінін қараша айының басында жариялауы мүмкін. Путин науқаны «дәстүрлі құндылықтар» ұраны аясында жүреді.

Бұл туралы сейсенбі күні «Коммерсантъ» пен РБК президент әкімшілігіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып жазды. Мәліметтерге қарағанда, аймақтарда сенімді тұлғалардың тізімі дайындалып жатыр.

4 қарашада Мәскеу қаласында «Ресей» көрмесі ашылады. Оған федерацияның бүкіл аймақтарының, сонымен бірге басып алынған аумақтардың «жетістіктері» қойылады. «Коммерсантъ» басылымы осы көрмеде Путин президент сайлауына түсетінін жариялауы мүмкін.

Бұның алдында «Вёрстка» басылымы да осындай мәлімет таратқан. Дереккөздердің айтуынша, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Бұның алдында Путин сайлауға қатысу-қатыспау жөніндегі жоспарын сайлау тағайындалғаннан кейін ғана айтатын мәлімдеген. Сайлау желтоқсанның ортасында жариялануы тиіс.

2020 жылы қабылданған Конституция Путинге тағы екі мәрте алты жылдық мерзімге сайлануға мүмкіндік береді.

дереккөз: centralasian.org, фото: tvc.ru

Be the first to comment on "Путин сайлауға түсетінін қарашада жариялауы мүмкін"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*