Ақтөбе әкімі өзекті мәселелер бойынша кәсіпкерлердің жеке қабылдауын өткізді

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында қала әкімі Азамат Бекет кәсіпкерлердің жеке қабылдауын өткізді. Туындаған проблемаларды шешуде көмек алу үшін оған 32 кәсіпкер жүгінді. Олар негізінен жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру салаларындағы бизнесті дамытудың өзекті жүйелі мәселелеріне қатысты болды, деп хабарлайды «Тілші» «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, Берік Байтасов өз қаражатына Батыс-2 шағын ауданында 250 орындық балабақша салуға дайын. Тұрғын алабы ол үшін тартымды, себебі мұнда мектепке дейінгі мекемелерге деген қажеттілік жоғары, деп бөлісті кәсіпкер қабылдауда. Қарастырып қойған көп уақыт бойы бос тұрған жер бар болып тұр. Алайда оның иесі бар екені белгілі болды.

Қала басшысы кәсіпкердің әлеуметтік нысан салу туралы бастамасына қолдау білдірді. Бұл ретте жер учаскелерін бөлу заң шеңберінде жүзеге асырылатынын атап өтті. Осы салада тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде қаланың басқа ауданында қажеттілік бар бала бақша салуды ұсынды.

Сондай-ақ, кәсіпкер Берік Байтасовқа «Kazakh Invest ҰК» АҚ бағдарламасы бойынша кеңес берілді.

«ҚР Үкіметінің №13 қаулысына сәйкес инвестициялық жобалар қызметінің басым түрлері бар. 85-і тармақта белгіленгендей – мектепке дейінгі білім, мектептегі білім және жоғары оқу орны. Қызметтің басым түрлері шеңберінде бұл мектепке дейінгі объект инвестициялық құрылыс ретінде іске асырылуы мүмкін. Ол инвестициялық келісімшарт жасасу арқылы заттай грант түрінде жер учаскесін алуға жатады», – деп хабарлады «Kazakh Invest ҰК» АҚ өңірлік директоры Бекзат Сағынғали.

Іс-әрекеттегі бизнесті дамытумен байланысты қосымша жер телімдерін алу мәселелеріне қатысты, нақты шешім қабылдау үшін кәсіпкерлердің нысандарын аралау жоспарланды. Мысалы, «Жантереков Н.» ЖК және «Ибашева А.» ЖК қатысты болып отыр.

«Технологиясы света» ЖШС вандалға қарсы жарықдиодты шамдарды өндіру  кәсіпорнының өкілдері өнімдерді ілгерілетуге және қызметтер көлемін алуға жәрдемдесуге үміт білдірді.

ҚТҚ жинау және кәдеге жарату, абаттандыру және т. б. жобаларды ұсынғандар да болды.

Қала әкімінің кәсіпкерлерді жеке қабылдау форматы бұл жолы өзгертілгенін атап өткен жөн. Қабылдауға тіркелген кәсіпкерлер күту залында бірқатар мемлекеттік органдар, коммуналдық қызметтер мен қаржы институттарының өкілдерінен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, аталған мәселелер бойынша Салалық кеңестердің, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің және Өңірлік кеңестің төрағалары мәлімделген мәселелер бойынша қатысты.

Өтініш білдірген әрбір кәсіпкерге қабылдау карточкасы толтырылады, ол бойынша кураторлар мәселенің шешілу барысын қадағалайтын болады.

Мәселелерін қала әкіміне жетпей-ақ алғашқы консультация сатысында шешкендер де болды.

«Біз жылжымайтын мүлікті қайта жабдықтау туралы қаулы алдық, ал мақсатты өзгерту туралы қаулыны бірнеше айдан бері ала алмадық. Жобалық фирма арқылы ұсынылды. Дегенмен, оң шешім қабылдан жоқ. Кеңес кезінде сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы барлық құжаттарды қарап, бас тартудың алғышарттары жоқ екенін атап өтті. Бізге тағы да өтініш беріп, оң жағын қарастырамыз деді», – деп бөлісті Бауыржан Беграхимов. Ол іс-шараның мұндай форматы бизнес үшін өте ыңғайлы және тиімді екенін атап өтті.

Барлық өтініштер бойынша кәсіпкерлерге олардың проблемаларын одан әрі шешу үшін түсініктемелер берілді, жауапты тұлғалар тиісті тапсырмалар алды.

Палата директоры Дана Бекбауова атап өткендей, бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

«Мұндай алаң бизнес мәселелерін тікелей билік өкілдерімен ашық талқылау үшін ұйымдастырылған. Бүгін ол өте нәтижелі өтті. Кәсіпкерлер айтқан барлық мәселелер өз шешімін табады деп үміттенеміз. Қалай болғанда да, біз кәсіпкерлердің байланыс нөмерлерің жазып алдық және өз тарапымыздан олардың проблемалық мәселесін шешуге жәрдем көрсететін боламыз. Біз қала әкімдігімен тығыз жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді. Қала басшысының кәсіпкерлерді қабылдауын тұрақты негізде ай сайын өңірлік «Атамекен» аланыңда өткізу уағдаластығы бар. Сондай-ақ, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдар өкілдерінің жеке қабылдауларын ұйымдастыру мәселесін пысықтаймыз. Шағын инвестициялық жобалар Палатаның жұмысына прокуратурамен бірлесіп қабылданады. ӨКП жанындағы салалық кеңестердің талқылауына бірқатар мәселелер шығарылатын болады», – деді Кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Мұндай әдістер тұрақты негізде жүргізіледі. Олар туралы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабарлайтын боламыз.

Be the first to comment on "Ақтөбе әкімі өзекті мәселелер бойынша кәсіпкерлердің жеке қабылдауын өткізді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*