Isker Tilshi Ақпарат

«Ет асқанда қазанға малдың қай етін салу керек?»: шешімін «Шалқар еті» комбинаты ұсынады

Ет асқанда қазанға малдың қай етінен қандай мөлшерде салу керектігін білесіз бе? Шалқар ауданындағы ет комбинаты мұның шешімін осыдан бес жыл бұрын ұсына бастады. Бүгінде вакуумделген пакеттерде комбинат жылқы, сиыр, қой және қозы еттерін айналымға шығарып үлгерді.

Мұндай идея қашан және қайдан келді? Осы сауалды «Іскер Тілші» жобасы «Шалқар еті» комбинаты құрылтайшыларының бірі Кәмшат Шәкірбекқызына қойған болатын.

«Мойындау керек, қазір қыз-келіншектер ет салғанда еттің қай бөлігін қанша салу керектігін білмей жатады. Тіпті, үлкен апаларымыздың өзі, жасыратыны жоқ, кейде хабарсыз болып қалып жатады. Мұндай ой қайдан келді дейсіз ғой! Мен ол уақытта декреттік демалыста отырғанмын. Үнемі ой үстінде жүресің ғой. Кәсіпке идея іздейсің. Содан күнделікті тұрмыста көріп, байқап жүрген жайттардың шешімін тапқың келеді. Осылайша, бір асым немесе он шақты адамға жететін ет тағамына қажетті ет бөлшектерін вакуум пакеттерге салып, сату жөнінде ой келді», — дейді Кәмшат Шәкірбекқызы.

Ет комбинаты құрылайшысының айтуынша, қораптағы вакуумделген ет бағасы нарықтағы бағадан сәл жоғары болуы мүмкін. Өйткені, оны тұздау, вакуумдеу, сақтау технологиясы сақталады.

«Қазысын бөлек айналдырамыз. Дәмі сорпасына сіңіп піседі. Қораптың сыртында қай малдың еті екені көрсетіледі», — дейді Кәмшат Шәкірбекқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *