«Өркениетті келешек» қоры Маңғыстау облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға заманауи жабдықтар сыйлады

«Өркениетті келешек» қоғамдық қоры «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен Маңғыстау облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға жабдықтар алып берді, деп хабарлайды «Тілші» аталған қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор директоры Гүлбаршын Қарабалинаның айтуынша, жоғары технологиялық әдістемелер мен жаңа жабдықтардың көмегімен тиімді оңалтуы бар мүгедектерде психоневрологиялық проблемаларды анықтау үшін «Періште» орталығында диагностикалық бөлімшенің ашылды.

Жоба шеңберінде оңалту үшін жабдықтар сатып алынып, мүгедек балаларға сапалы қызметтер көрсетілетін болады. Бір айда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 40-45 балаға қызмет көрсетілмек. Жоба алдағы жылдың наурызына дейін жалғасады.

«Мақсаты — жылына Маңғыстау облысының 300-ден астам баласына арналған жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен диагностика және оңалту бойынша сапалы тұрақты қызметтер көрсету, денсаулығын жақсарту және сауықтыру», — дейді Г.Қарабалина.

Қор 13,8 млн теңгеге логопед пен психологқа арналған интерактивті үстелдер, татами, парагенераторлары бар фитобочкалар, ыстық ванна, физиотерапияға арналған аппараттар, тренажерлер, рамалық бассейн сияқты жабдықтарды сатып алды.

Маңғыстау облысында 31 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 24 мыңы — ересек, 7 мыңы — балалар.

«Біз жыл сайын «Періште» орталығында балаларды оңалту үшін жағдайды жақсартып отырмыз. Сатып алынған жабдықтармен және жинақталған тәжірибемен қор бұдан былай міндетті сақтандыру қоры арқылы, білім басқармасының, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша сапалы қызмет көрсете алады. Ол үшін Қордың лицензиясы және бірлескен жобалары, осы ұйымдармен жұмыс тәжірибесі бар. Қор диагностика және оңалту бойынша «әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен» үш жылдық жобаға шарт жасасты», — дейді «Өркениетті келешек» қорының директоры Гүлбаршын Қарабалина.

Be the first to comment on "«Өркениетті келешек» қоры Маңғыстау облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға заманауи жабдықтар сыйлады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*